«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
163166 - 220682
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Экология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Мұнай газ ісі
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Құрылыс
- Қаржы
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Су кодексі, Қазақстан Республикасы Экология кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын, «Электр энергетикасы туралы», Электр энергияны пайдалану ережесін, Жылу энергияны пайдалану ережесін. Осы лауазым бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Елбасының және Үкіметінің актілері, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша облыс әкімінің бақылаудағы тапсырмаларды қажетті мерзім ішінде сапалы және уақытында бағдарламалық құжаттарды орындауын ұйымдастыруға; экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімінің, құрылыс бөлімінің және сумен жабдықтау және су қайтару объектілерін пайдалануды қадағалау бөлімінің қызметіне жалпы жетекшілікті және бақылауды жүзеге асырады. Басқарма бөлімдерінің жұмысын үйлестіру: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелер жөнінде, әлеуметтік саладағы объектілерін, тұрғын үйлерді, жылумен жабдықтау объектілерін жылыту маусымына дайындау және жоғарыда тұрған органдарға осы мәселе жөнінде есеп; жылыту маусымының өту мониторингі бойынша, осы кезеңде жылумен жабдықтау объектілерінің жұмысы; республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыратын басым бюджеттік инвестжобалар тізіміне енгізу үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілер тізімін қалыптастыру бойынша, инвестжобаларды іске асыру монитроингі; энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының, облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілер жобаларға, нормативтік-техникалық құжаттарға ұсыныстар, ескертулер енгізу бойынша; Басқарма қызметінің бағыты бойынша аудандар әкімдіктерінің және Петропавл қ. бөлімдерімен, басқа атқарушы органдармен, кәсіпорындармен өзара әрекеттесу жұмысында. Елді-мекендерде сумен қамтамасыз етуді жақсарту шаралары ұсыныстарын өңдеу және осы шараларды бюджеттік және қаржыландыру ұсыныстарын енгізу, облыстың су шаруашылық шаралар жоспарын орындалуын ұйымдастыру. Энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының тұрақты жұмыс істеу, тұрғынүй қорын күтіп ұстау жөнінде, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың экономикалық денсаулық сақтау және материалды-техникалық базасын бекіту бойынша ұсыныстар енгізу. Тапсырыс беруші басқарма болатын, объектілерде құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру және жүруін бақылауын жүргізу. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға ұсыныстарды дайындау алдында құрылыстың жылдық және келешек жоспарларын өңдеу және бақылауды жүзеге асыруды жүргізу. Басқармада шығарылған қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру немесе бас тарту туралы ұсыныстарды дайындау. Құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде сотта және басқа мемлекеттік инстанцияларда белгіленген тәртіпте басқарманың мүдделерін ұсыну. Жеке және заңды тұлға азаматтардың қабылдауын жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.06.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079