«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ-нің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
- Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тиісті санат бойынша тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
2. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, ҚР Бюджет кодексін, ҚР Еңбек кодексін, «Республикалық бюджет туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңдарын, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын білу.
Функционалды міндеттер
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырылуына және өткізілуіне, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасауға, нақтылауға және веб-порталда орналастыруға бақылауды жүзеге асырады. Ведомствоға қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер мен аппарат бойынша іс жүзінде өткізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша есептіліктің барлық түрлерін уақытылы және сапалы жасауды қамтамасыз етеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына қатысады. Шарттардың орындалу қорытындысы бойынша жергілікті (қазақстандық) қамту үлесінің мониторингін жүргізуді бақылайды. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.06.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8(7152)46-50-79