«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-нің мемлекеттік тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы – Ақжар және Уәлиханов аудандары бойынша тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы (2023 жылғы 26 тамыздағы дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы).
Функционалды міндеттер
Тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілетті орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады.
Бақылауды жүзеге асырады:
-тұқым өндіру, сақтау, Сандық-сапалық есеп жүргізу, бірегей және элиталық тұқымдарды, 1-3 көбейтілген тұқымдарды өндіру және өткізу жөніндегі құжаттама;
- элитаның субсидияланған тұқымдары мен тұқымдарын мақсатты пайдалану;
- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сынау;
- тұқым шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды орындаумен;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері мен қатардағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін байқаудан өткізу сапасымен;
- тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау мақсатында тұқым шаруашылығы субъектілеріне баруға және олардан тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен;
- аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексеру;
- тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
- тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан сынама алуды жүргізу;
- белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым өндірушілерден тұқым өндірумен (тұқым себу үшін дайындалған танаптарды тексеру, вегетация кезеңінде сорттық егістерді тексеру, сорттық және гибридтік егістерді байқаудан өткізу мен далалық тексеруді бақылау, тұқымдарды жинауды (жинауды), тасымалдауды, өңдеуді (тазартуды) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау).
Басқарма сайтында тұқым шаруашылығы субъектілерінің тізілімін орналастыра отырып, Бірегей, элиталық тұқым және 1-3 көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жедел ақпарат береді және есептілік жасайды. «Тұқымдық және көшет материалдарының сорттық және егістік сапасын анықтау» бағдарламасын іске асыру. «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасын іске асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.06.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8(715-2)46-50-79