«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ-нің жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы», Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін.

Функционалды міндеттер

Уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады. Конкурстық (аукциондық) комиссияның құрамына кіреді. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші жіберген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) тармақтарының дұрыстығын, толықтығын тексереді. Тапсырыс беруші ұсынған конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырманың дұрыстығын, толықтығын тексереді. Тапсырыс беруші ұсынған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу. Веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды орналастырады. Конкурстық (аукциондық) құжаттама жобасын алдын ала талқылау қорытындылары бойынша жауаптар жасауға қатысады. Веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін олардың біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды. Біліктілік талаптарына және конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауға қажетті ақпарат пен материалдарды дайындайды. Уәкілетті органмен, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператормен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мемлекеттік сатып алу порталын техникалық қолдау қызметімен және өзге де органдармен мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікке ие болады. Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа талап-арыз жібереді.Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.04.2021 – 26.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.04.2021

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституция көшесі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

+7-7152-46-50-79