Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

         1.Тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне.

      «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі,                  осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

    2.«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Заңды, «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін» (жалпы бөлім), Казақстан Республикасының Еңбек кодексін білу.

Функционалды міндеттер

Облыс әкімінің, аппарат басшысының жергілікті атқарушы органдармен және өкілетті билікпен ұйымдық және ақпараттық байланысын іске асырады; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін қалалар мен аудандар әкімдерімен  облыстық атқарушы органдар басшыларымен орындау барысын бақылайды және тексереді; аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын, экономиканы реформалауды, халықтың түрлі жіктерінің өмір деңгейін, қоғамдық-саяси жағдайды зерделейді және талдайды; Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру жөнінде Желілік кестелер жасайды; облыс әкімінің кеңестерін, есеп беру кездесулерін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді; ай сайынғы және жыл сайынғы негізгі облыстық іс-шаралардың, облыс, Петропавл қаласы және аудан әкімдерінің есептік кездесулердегі халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалуларына мониторинг жүргізеді; бос орындар, оның ішінде сайлау комиссияларындағы бойынша талдаулар жүргізеді; өңірлердің кадрлар әлеуетіне бағалау жүргізеді;  болжамдық-талдаулық жазбахаттар дайындайды; облыс әкімінің нормативтік актілері жобаларын дайындауды жүзеге асырады; әкім аппараттарының төмендегі буындағы мемлекеттік қызметшілерінің, кадрларының сапалық құрамына талдаулар жүргізеді, кадрларды таңдау және орналастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді; облыс әкімінің номенклатурасына жататын органдар басшыларының лауазымына тағайындау үшін  кадрлар резервін қалыптастырады; облыс әкімінің атына және басқа инстанцияларға түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды және тексерулер жүргізеді, олар бойынша қорытынды және жауаптар дайындайды; облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды зерделейді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің жергілікті өкілдік билік, өзін-өзі басқару органдарының сайлауларына, референдумдарға, облыстық іс шараларға ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; ресми тұлғалар мен делегациялардың сапарларын ұйымдастыру, облыс әкімі, облыс әкімі аппараты басшысының  тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; жүйелі түрде  аппарат басшысын, бөлім меңгерушісін жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы, жергілікті атқарушы органдардағы жағдайлар туралы тұрақты хабардар етіп отырады.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасына мониторингті жүзеге асырады және іске асыруды үйлестіреді.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік мекемелер өткізетін барлық іс-шараларға қатысады.

Облыс әкімінің қатысуымен халықаралық ынтымақтастықты және шетелдіктерді қабылдауды жүзеге асырған кезде мемлекеттік құпияны қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 31.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.04.2021 – 05.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.04.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079