Мамлют ауданы әкімінің құрылыс, экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
150778 - 203162
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Қаржы
Қосымша талаптар
1) Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен анықталған сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
2) «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
3) Осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Функционалды міндеттер
Өндірістік саланы дамыту, коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы, коммуналдық желілер мен құрылыстар, су құбырларының және ауданның басқа инженерлік және көлік инфроқұрылымы объектілерінің құрылысы мен пайдаланылуы, аудандық маңызы бар жолдарды ұстау және пайдалану, абаттандыру сұрақтарымен айналысады. Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдарының экономикалық даму, аудан бюджетін нақтылау, қалыптастыру және орындау, қаржы, салық саясаты, экономикалық жоспарлау және бюджет пен бюджетаралық қатынастарды дамыту, коммуналдық меншік және жекешелендіру, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қызметін үйлестіру. Шағын кәсіпкерлікті, өнеркәсіпті, сауданы, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуды қолдау және дамыту сұрақтары. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, жалақыны арттыру, бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру, экономиканың нақты секторында жалақы борышын өтеу сұрақтарына жетекшілік етеді. Жетекшілік ететін салалары бойынша жоғары тұрған органдармен өзара іс-әрекет етеді. Аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Ауылдық несиелік серіктестіктермен байланысты жүзеге асырады.
Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, экономика және қаржы бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Жаңа салынған объектілерді, қайта жаңартудан, нысаналы мақсатын өзгертуден кейін пайдалануға қабылдау бойынша аудандық комиссия жұмысын ұйымдастырады. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредитациялау жөніндегі комиссияларға; кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің дербес құрамына жетекшілік етеді. Су, электроэнергия, инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету мәселелері бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмысының жылдық жоспарының және авариялар, апаттар мен стихиялық апаттардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының, бейбіт және әскери уақытта ауданның Азаматтық қорғау жоспарының әзірленуін, жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар бойынша жұмысты, шұғыл әрекет ету отрядтарының құрылуын бақылайды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа шұғыл жұмыстарға әзірленуді бақылау.
Облыстық, сонымен қатар аудандық деңгейде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне жалпы бақылау жасау. Мамлют ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің аудандық Қазынашылық басқармасымен; Мамлют ауданы бойынша статистика басқармасымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясымен; Халық банкінің аудандық филиалымен байланысты іске асырады.
Функционалдық міндеттерінен шығатын абаттандыру, көшелердің қызметі, жол жабынын күрделі және ағымды жөндеу, санитарлық тазарту, көгалдандыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды іске асырады. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің құқықтық актілерінің, облыс әкімі, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша актілерінің орындалуын бақылайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңына сәйкес азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды.
Аудан әкімінің орынбасарлары жоқ кезінде олардың орнын ауыстырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.04.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.
-
+7(7152)46-50-79