«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Білім жоғары "Емдеу ісі"

Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға  кандидаттарды тестілеу бағдарламасында сәйкес санаттар үшін берілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білім.

Функционалды міндеттер

- Бөлімді жалпы басқару.

-Жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі - ЖТМҚ) жұмысын қамтамасыз ету.

- Облыстың босандыру және балалар медициналық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді, жоғары технологиялар мен әдістемелік материалдарды енгізудің республикалық және облыстық жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізуді үйлестіру.

- Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізу.

- Ана мен бала денсаулығының жай-күйіне, облыстың медициналық ұйымдарының қызметіне талдау жүргізу.

- Жетекшілік ететін бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін үйлестіру.

- Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.

- Гендерлік саясат іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.

- Облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын тексеру.

- Медициналық ұйымдарда аппаратураға, құрал-саймандарға және дәрі-дәрмектерге қажеттілікке талдау жүргізуге қатысу және оларға өтінімдер жасау, сондай-ақ оларды тиімді пайдалануды бөлу мен бақылауды жүзеге асыруға қатысу.

- Алдын алудың, диагностиканың, емдеудің жаңа әдістерін және жетекшілік ететін бөлімдер бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

- ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық әкімдікке және басқа да ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша есеп беру деректерін дайындау.

- Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің орындалуына мониторинг жүргізу.

- Науқастарды облыстан тыс жерлерде кеңес алуға және емдеуге жіберуді ұйымдастыру.

- Әйелдер мен балаларды емдеуге жатқызу бюросы порталының жұмысын бақылау және ұйымдастыру.

- Балаларды, жүкті және гинекологиялық науқастарды республикалық және шетелдік клиникаларға емдеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

- Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру, диспансерлік топтарды бақылау, балалар мен әйелдерді сауықтыру мониторингі.

- Ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру, медициналық көмектің қойылуы мен сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған кейінгі ұсыныстармен нәресте және бала аурушаңдығы, бала және ана өлімі көрсеткіштерінің статистикалық есептерін талдау.

- Кәмелетке толмағандардың істері және баланы қорғау құқықтары жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

- Бейіні бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру.

- Ана мен бала өлімін азайту және алдын алу бойынша шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабты дайындау және өткізу.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің алқасына материалдар дайындау.

- Медициналық көмектің сапасы бойынша халықтың шағымдарын тудыратын себептерді талдау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

- Босандыру және балалық шақ ұйымдарында медициналық көмек көрсету бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу.

-Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.

- Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру мониторингіне қатысу;

- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға талдамалық анықтамалар мен ақпараттар дайындау.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында шараларды сақтау.

- Басқарма қызметінің түрлі аспектілері бойынша облыс әкімінің бұйрықтары, шешімдері мен рапоряжения жобаларын әзірлеуге тікелей қатысу.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасына, үйлестіру кеңесіне және облыс әкімдігі жанындағы облыстық штабқа жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдар дайындау.

- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу.

- Басқарма басшысының нұсқауы бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2021 – 31.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

02.04.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

+7(7152)46-50-79