«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» КММ-нің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
182456 - 246519
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын; осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Мәдени саясат тұжырымдамасы. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі қазіргі заманғы менеджмент әдістерін, басқару психологиясы, стратегиялық жоспарлау мен талдау, жобалық менеджмент негіздерін білу.
Функционалды міндеттер
- мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
-басқарманың, ведомствоға қарасты ұйымдардың дамуын талдау және болжау, жұмысын жоспарлау;
-мәдениет, архивтер және құжаттамалар саласындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуын бақылау;
-облыстың басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдарымен жұмыс жүргізу;
-жоғары заң шығарушы және атқарушы билік органдарында басқарманың атынан өкілдік ету;
- басқарманың жалпы басшылық жұмысын жүзеге асыру;
- басқарма басшысы орынбасарларының және құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін анықтау;
- жоғары ұйымдармен және басқа да құрылымдық бөлімшелермен өз-ара әрекет жасау мәселелерімен шұғылдану;
- белгіленген тәртіпте Басқарма құрылымына кіретін бөлімдер қызметкерлерін лауазымдарына тағайындау және босату туралы ұсыныстар енгізу;
- белгіленген тәртіпте басқарма қызметкерлерін мадақтау;
- белгіленген тәртіпте басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану;
- басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, лауазымдық нұсқауларды және басқарма қызметіне қатысты басқа құжаттарды бекіту;
- өз құзыры шегінде өкімдер шығару, тапсырмалар беру, қызметтік құжаттарға қол қою;
- нормативтік құқықтық актілерді, бағдарлама жобаларды және басқарма құзырына енетін басқа мәселелер бойынша құжаттарды өңдеуге бақылау;
- белгіленген тәртіпте қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешу, бюджеттік қорлардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылау;
- тіл туралы заңнамалардың орындалуына бақылау жасау, олардың бұзылу фактілерін қарау және олар бойынша өз құзыры шегінде шешімдерді жүзеге асыру;
- басқарманың ағымдық, перспективалық жоспарларын бекіту;
- басқарма жанындағы алқа құрамын бекіту, отырыстарын жоспарлап, жұмысын ұйымдастыру
- бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп, бірыңғай мемлекеттік тіл саясатының концептуалдық мәселелері бойынша шаралар өткізу;
- еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
- ерлер мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
- басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтауын қамтамасыз ету және жеке жауапкершілік ұстайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қажетті шаралар қолдану.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079; 504497