Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
150778 - 203162
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ауданның экономикалық даму, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің тиісті жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселелері бойынша облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін аумақ бойынша құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Ауданда қаржылық және антимонополияға қарсы саясатты қалыптастырады, ауданның бюджеттік қаражаттардың айналымы және шығыстарын бақылауды жүзеге асырады. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шараушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, отын-энергетикалық кешен, энергетика және коммуналдық шаруашылық бойынша жергілікті атқарушы органдарының аудандық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру. Экономика, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар, су және жылумен қамтамасыз ету салаларын жедел басқарады, сонымен қатар олардың қызметін бақылауды іске асырады. Мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттарды және күтпеген апаттардың алдын алу және жою, құрылыс, барлық түрдегі көлік, жолдар, инженерлік коммуникациялар,тұрғын үй-коммуналдық сала, коммуналдық саладағы тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы шараларын іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылу маусымына дайындау мәселелерін басқарады.
Коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Экономика, мемлекеттік сатып алулар, өнеркәсіп, қаржылық тәртіпті бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың аудандық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіреді. Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыруды, республикалық, коммуналдық меншік және жекешелендіру, экономика мәселелерін басқарады. Салықтар бойынша болжамдық көрсеткіштерінің сапалы орындалуына және түсіміне ұдайы бақылау жүргізеді.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және қызметін бақылауды іске асырады.
Жетекшілік ететін бөлімдерде мемлекеттік қызметтерді электронды нысанаға ауыстыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдайды. Жетекшілік ететін бөлімдерде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына жауап береді және бақылау жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілерге бақылауды іске асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды іске асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079; 504497