«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ кәсіпкерлікті дамыту және бизнесті қолдау бағдарламалары бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 2022 жылғы 16 қыркүйекке дейін уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Туризм
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент

Функционалды міндеттер

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы есептерді дайындау және ұсыну.

Облыста шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің даму мониторингін жүзеге асыру.

Консультациялық көмек көрсету (экономикалық, заңдық және т.б.) және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын сүйемелдеу. Оларды іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру.

Халық, шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында қолдау мәселелеріндегі мемлекеттік саясат туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жеке кәсіпкерлікті дамыту.

Аудандық және облыстық маңызы бар нормативтік құқықтық актілердің жобаларына реттеушілік әсерді талдау рәсімін сақтау бойынша қорытындылар дайындау.   

Бөлімнің құзыретіне жататын "ашық деректер" интернет-порталын толықтыру және жаңарту бойынша мәліметтерді ұсыну . 

Кәсіпкерлік субъектілері арасында өңірлік конкурстарды өткізуді ұйымдастыруға қатысу.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестердің және т.б. жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Шағын және орта бизнес өкілдерімен облыс әкімінің мәжілістерін өткізуді дайындау.

Кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша көрмелер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, әкім шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.

Республикада және шетелде өткізілетін байқаулар, көрмелер, жәрмеңкелер, оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдары туралы кәсіпкерлерді хабардар ету.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен, өтініштерімен, шағымдарымен жұмыс, оларға жазбаша жауаптар дайындау.

Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 15.01.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.01.2021 – 26.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

29.01.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079; 504497