"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ жұмылдыру жұмысы және Мемлекеттік құпиялар жөніндегі бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мейірбикелік ісі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Қаржы
Функционалды міндеттер
- Денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен құпия құжаттарды өңдеу және олардың өтуін бақылау.
- Құпия істер номенклатурасын қалыптастыру.
- Құпия іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу.
- Денсаулық сақтау басқармасының қызметін жүзеге асыру кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындау, құпия іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың сақталуын қатаң бақылау.
- Құпия іс жүргізу мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
- Басқарма қызметінің түрлі аспектілері бойынша облыс әкімінің бұйрықтары, шешімдері мен рапоряжкаларының жобаларын әзірлеуге тікелей қатысу.
- Жыл сайын облыстың, қаланың денсаулық сақтау жүйесінің жұмылдыру дайындығы жоспарларын жасау.
- Облыстың, қаланың басқару органдары мен медициналық ұйымдарында ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс және жұмылдыру дайындығының жай-күйін бақылау.
- Облыстың, қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмылдыру дайындығы жағдайы бойынша материалдарды жинау, қорыту және талдау.
- Тексеру нәтижелері және ведомстволық бағынысты басқару органдары мен ұйымдардың есептік деректері бойынша жиынтық жылдық есепті жасау, оны белгіленген тәртіппен ҚР ДСӘДМ «РҒБО» ММ-не ұсыну.
- Басқару органдарының, құрылатын медициналық құрылымдар мен мекемелердің жұмылдыру дайындығын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
- Жергілікті әскери басқару органдарымен тұрақты байланыста болу.
- Жұмылдыру жаттығулары мен оқу-жаттығуларды дайындауға және өткізуге қатысу.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында шараларды сақтау.
-Жұмылдыру кезеңінде - арнайы медициналық мекемелер мен құрылымдарды ашу барысында - олардың жеке құраммен жасақталуы, техникамен, материалдық құралдармен жабдықталуы туралы деректерді жинауды және жинақтауды ұйымдастыру, Денсаулық сақтау басқармасының басшысына есеп беру деректері мен баяндамаларды уақтылы дайындау.
- Басқарма басшысының нұсқауы бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.01.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079; 504497