"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мейірбикелік ісі
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Дәрігерлік емдеу ісі
- Жалпы медицина
- Қаржы
Қосымша талаптар
Білім жоғары: мамандығы бойынша емдеу ісі.
Функционалды міндеттер
- Бөлімді жалпы басқару.
- Жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі - ЖТМҚ) жұмысын қамтамасыз ету.
- Облыстың медициналық ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін, сондай-ақ ғылыми жетістіктерді, жоғары технологиялар мен әдістемелік материалдарды енгізудің республикалық және облыстық жоспарларына сәйкес жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізуді үйлестіру.
- Халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізу.
- Халықтың денсаулық жағдайына, облыстың медициналық ұйымдарының қызметіне талдау жүргізу.
- Жетекшілік ететін бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін үйлестіру.
- Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Гендерлік саясат іс-шараларын іске асыруды қамтамасыз ету.
- Облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын тексеру.
- медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бөлігінде облыс медицинасының жеке секторының қызметін бақылауды және үйлестіруді ұйымдастыру, медицинаның жеке секторын медицина саласындағы НҚА туралы тұрақты кеңестер мен хабардар ету, оның ішінде хат-хабармен 100% қамту.
- Бөлім қызметкерлерінің бақылау құжаттарын орындау мерзімін өткізіп алу фактілерін болдырмай, орындауды бақылау.
- Алдын алудың, диагностиканың, емдеудің жаңа әдістерін және жетекшілік ететін бөлімдер бойынша жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандарын тәжірибеге енгізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық әкімдікке және басқа да ұйымдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша есеп беру деректерін дайындау.
- Тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің орындалуына мониторинг жүргізу.
- Облыстан тыс жерлерде науқастарды кеңес алуға және емдеуге жіберуді ұйымдастыру.
- Орта медициналық персоналдың жұмыс сапасын талдау (мейірбикелер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар) оны жақсарту бойынша шаралар әзірлеу.
- Ересек тұрғындарды емдеуге жатқызу бюросы порталының жұмысын бақылау және ұйымдастыру.
- Ересек халықты республикалық және шетелдік клиникаларға емдеуге жіберу бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру, диспансерлік топтарды бақылау, диспансерлік науқас ересек тұрғындарды сауықтыру мониторингі.
- Ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін тексеру, жалпы сырқаттанушылық, жалпы өлім-жітім көрсеткіштерінің статистикалық есептерін медициналық көмектің қойылуы мен сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған кейінгі ұсыныстармен талдау.
- Бейіні бойынша штаттан тыс мамандардың жұмысын үйлестіру.
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасына материалдар дайындау.
- Медициналық көмектің сапасы бойынша халықтың шағымдарын тудыратын себептерді талдау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
- Медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу.
-Төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша облыстың медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету.
- облыстың медициналық ұйымдарында халі ауыр пациенттерді тұрақты негізде бақылау.
- Санитарлық авиация қызметін бақылау,
- Расталмаған жағдайлар фактілерін болдырмау үшін АЖ және МАЖ-ға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын бақылау;
- Толыққанды медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың жарақтандырылуы және жарақтандыру мәселелері бойынша мәліметтерді білу, құрылымдық бөлімшелерге дейін;
- Әскерге тіркеу және шақыру комиссияларының жұмысын үйлестіру;
- Жедел көмек қызметтерінің жұмысын бақылау;
- Медициналық ұйымдармен медициналық көмектің сапасы мәселелері бойынша тұрақты негізде кеңестер ұйымдастыру;
- Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыру мониторингіне қатысу;
- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік органдарға талдамалық анықтамалар мен ақпараттар дайындау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында шараларды сақтау.
- Басқарма қызметінің түрлі аспектілері бойынша облыс әкімінің бұйрықтары жобаларын әзірлеуге, рапоряженийін шешуге тікелей қатысу.
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқасына, үйлестіру кеңесіне және облыс әкімдігі жанындағы облыстық штабқа жетекшілік ететін мәселелер бойынша материалдар дайындау.
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтардың өтініштеріне талдау жүргізу.
- Басқарма басшысының нұсқауы бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.01.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079; 504497