«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ сауданы дамыту бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Қаржы
  • Инновациялық менеджмент

Функционалды міндеттер

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын, ішкі сауданы дамыту бөлігінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Оларды орындау бойынша ақпарат дайындау.

Ішкі сауданың дамуына талдау жасау.

Сауда қызметі саласындағы реттеу мәселелері бойынша аудандар мен облыстық маңызы бар қаланың кәсіпкерлік бөлімдерімен өзара іс – қимыл жасау және бөлшек және көтерме сауда бағаларына, өндіруші кәсіпорындардың негізгі тамақ өнімдеріне, олардың қорларына босату бағаларына мониторингті жүзеге асыру.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту жөніндегі ұсыныстарды есептеуді жүзеге асыру және уәкілетті органға ұсыну.

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдау мақсатында консультациялық көмек көрсету.

Қауіпсіздік пен сапа талаптарына жауап беретін өнімді тұтыну нарығында өткізуді, сондай-ақ сәйкестігі міндетті расталуға жататын сертификатталған өнімді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысу.

Азық-түлік тауарларына баға жағдайы туралы талдамалық ақпарат дайындау.

Облыс әкімдігі жанындағы бағалар мен тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі штаб отырысына материалдар дайындау.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыруға қатысу және бекітілген бағаларды бақылауды жүзеге асыру. Жанар-жағармай материалдарының және олардың қорларының түсуін мониторингілеу.

Солтүстік Қазақстан облысының облыстық Сауда және тамақтандыру қызметінің, азаматтық қорғаудың жанар-жағармай материалдарының жұмысын ұйымдастыру.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру.

Азаматтық қорғау бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын, Бөлім құзыретіне қатысты мәселелер бойынша кеңестердің республикалық және облыстық хаттамаларын орындау бойынша ақпарат дайындау.

Мекемелердің, ұйымдардың сұранысы бойынша ақпарат дайындау.

Облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысу функционалдық міндеттеріне.

Кәсіпорындардың көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуын ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2020 – 15.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.12.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 46-50-79