«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау

Функционалды міндеттер

Жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт талаптары туралы келіссөздер жүргізу.

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалық құжаттарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесі) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде өтінімдерді қарау және жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған өтінімдерді қарау және лицензиялар беру.

Келісімшарт жасасу және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу, кен іздеушілік кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу;

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жөніндегі комиссия құру және оның жұмысына қатысу.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды және кен іздеушілікті кері қайтарып алуды қамтамасыз ету.

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың қолданылуын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау.

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілік лицензиялары туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Жер қойнауын пайдаланушылардың тарату қорын пайдалануға рұқсат беру.

Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру.

Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу.

Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.

Бөлімнің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.12.2020 – 15.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

22.12.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 46-50-79