Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

150778 - 203162

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Жер қатынастары, өндірістік саланы дамыту, коммуналдық меншік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы, коммуналдық желілер мен құрылыстар, су құбырларының және ауданның басқа инженерлік және көлік инфроқұрылымы объектілерінің құрылысы мен пайдаланылуы, аудандық маңызы бар жолдарды ұстау және пайдалану, абаттандыру сұрақтарымен айналысады. Жаңа салынған объектілерді, қайта жаңартудан, нысаналы мақсатын өзгертуден  кейін пайдалануға қабылдау бойынша аудандық комиссия жұмысын ұйымдастырады. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің жұмысына басшылық етеді. Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмысының жылдық жоспарының және авариялар, апаттар мен стихиялық апаттардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының, бейбіт және әскери уақытта ауданның Азаматтық қорғау жоспарының әзірленуін, жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғау мен төтенше жағдайлар бойынша жұмысты, шұғыл әрекет ету отрядтарының құрылуын бақылайды, табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше жағдайлар салдарын жою кезіндегі құтқару және басқа шұғыл жұмыстарға әзірленуді бақылау. Жер комиссиясын және  құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша құрылған басқа да комиссияларға басшылық етеді. Аудандық кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен бірлесіп әрекет етеді. Аудандық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Функционалдық міндеттерінен шығатын абаттандыру, көшелердің қызметі, жол жабынын күрделі және ағымды жөндеу, санитарлық тазарту, көгалдандыру бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды іске асырады. ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметінің құқықтық актілерінің, облыс әкімі, жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша актілерінің орындалуын бақылайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР заңына сәйкес  азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды. Бөлімдердің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметін үйлестіреді. Аудан әкімі жоқ кезінде оның орнын ауыстырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.12.2020 – 14.12.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.12.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 46-50-79