«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ сәулет, қала құрылысы, бас жоспарлар және қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімнің және бөлім қызметкерлерінің жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап беру, басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру. Бөлімнің мемлекеттік және еңбек тәртібін, тұрақты психологиялық микроклиматтың сақталуын қамтамасыз ету. Бөлімнің ішкі құжаттарын, сондай-ақ бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің жеке жоспарларын әзірлеу және оларды келісу, бағалау парақтарын келісу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Сәулет, қала құрылысы, бас жоспарларды және қала құрылысы кадастры мәселелері бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеу және келісу, одан әрі іске асыруды қамтамасыз ету. Елді мекендердің бас жоспарларының келешек сызбаларын, жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау, абаттандыру және көгалдандыру жобаларын әзірлеу. Мемлекеттік органдарға СҚО бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бөлігінде, кеңес түрінде көмек көрсету. Облыстың әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы туралы заңнамалардың нормалары сақталуын қамтамасыз ету. Әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық, азаматтық және өндірістік мақсаттағы объектілердің құрылысы және қайта жаңарту жобаларын қарастыруда және келісуде қатысу. Үйлестіру кеңестерінің комиссия отырыстарының, жұмыс топтарының, сәулет және қала құрылысы кеңестерін өткізуге материалдар дайындау. Графикалық және анықтауыштық кадастрлық ақпараттар деректерін жинау және өңдеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. «Мекен-жай тіркелімі» АЖ-не деректерді толықтыру және өзектілеуге мүккәмәлдандыру жөнінде іс-шараларды іске асыру. Объектілерді қайта жаңарту жобаларына, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге ұсыныс енгізу. Облыстағы қала құрылысы жағдайы туралы ақпарат дайындау, оны басқарманың интернет ресурсында орналастыру. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Инновациялық әдістер мен технологияларды зерделеу және ұсыныстар енгізу, оларды жұмыста қолдану.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.12.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.
-
8 (7152) 46-50-79