"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы" КММ ақпараттық-талдамалық қамсыздандыру бөлімінің басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс

Функционалды міндеттер

БЖТ базасын жүргізеді, «Еңбекті қорғау» ААЖ базасын өзектендіреді; ААЖ базасының толтырылуын талдайды, апта сайын өз жұмысын жоспарлайды және оның орындалуына қол жеткізеді; еңбек заңнамасын бұзу себептеріне талдау жүргізеді және қорытында жасайды; еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-талдау анықтамаларын дайындайды; мемлекеттік еңбек инспекциясының жұмысы бойынша есептерді дайындайды; Басқарманың құрылымдық бөлімшелері бөлімдерінің жұмысы туралы есептердің уақтылы және сапалы ұсынылуына бақылауды жүзеге асыру; Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы бойынша есептер жинайды, қорытындалайды; ұйымдардың еңбек заңнамасын сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді жинайды, қорытады, жүйелеп, талдайды; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізімдерін қалыптастырады және бекітілген тізімдерді құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді. Еңбек дауларының мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеге деректерді енгізуді, сондай-ақ кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді бақылауды жүзеге асырады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз орындалуына дербес жауапты болады.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.11.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.11.2020 – 26.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.11.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Қазақстан Конституция көшесі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)465079

87079672574