«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ сәулет, қала құрылысы, бас жоспарлар және қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Анықтауыштық кадастрлық ақпаратты жинау, өңдеу, ақпараттар базасына енгізу, кадастрлық ақпарат пен анықтамаларды беру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры, қала құрылыстық жобалауды жүргізу бойынша құқықтық және нормативтік-әдістемелік құжаттарды іске қосуға қатысу. «Мекен-жай тіркелімі» АЖ-не мәліметтерді енгізу мен өзектілеуді жүзеге асыруға қатысу. Қала мен облыс аймақтарын пайдалану мен жай-күйінің өзгеруіне байланысты ұсыныстарды дайындауға, аймақтарда құрылыстарды жүргізу мен пайдалану бойынша мәліметтерді жинау, өңдеуге көмектесу. Есептер үшін объектілер бойынша ақпарат дайындау. Облыс әкімінің шешімдері, әкімдіктің қаулылар жобаларын әзірлеу, оны келісу. Басшының тапсырмасы бойынша сотта басқарма мүдделерін ұсыну. Уақытында жеке жоспарды әзірлеу және басшыға бекітуге тапсыру, бағалау парақтарын уақытында толтырып, басшыға келісуге беру. Орындауға түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарастырып, жауабын жолдау. Басқарманың интернет ресурсында орналастыру үшін қала құрылысы және нормативтік құқықтық актілері бөлігінде ақпараттар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.11.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.
-
8 (7152) 46-50-79