«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ жер қойнауын пайдалану және лицензиялау бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау.
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың тапсырмаларын орындау жөнінде ақпарат дайындау.
Жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт талаптары туралы келіссөздер жүргізу.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалық құжаттарға сараптама жүргізуді ұйымдастыру.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды жасасу, тіркеу және сақтау.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығының үлесі) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру.
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде өтінімдерді қарау және жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған өтінімдерді қарау және лицензиялар беру.
Келісімшарт жасасу және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу, кен іздеушілік кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу;
Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою жөніндегі комиссия құру және оның жұмысына қатысу.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензияларды және кен іздеушілікті кері қайтарып алуды қамтамасыз ету.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың қолданылуын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау.
Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілік лицензиялары туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Жер қойнауын пайдаланушылардың тарату қорын пайдалануға рұқсат беру.
Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру.
Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензиялардың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру.
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу.
Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.
Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және жасау.
Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.
Азаматтардың хаттарына, шағымдарына және жеке өтініштеріне белгіленген тәртіппен жауаптарды қарау және дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.11.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 каб.
-
8 (7152) 46-50-79