«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» КММ мемлекеттік сатып алуды мониторингілеу және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы-бас бухгалтер
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Басқармада бухгалтерлік есеп, салықтық есеп және статистикалық есеп беруді, жедел басқару құқығындағы мүліктерді, негізгі және айналымдық қаражаттардың түсуін, берілуін және бекітілуін жүзеге асырады. Бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалану бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Статистикалық және бухгалтерлік және өзге де есептерді жасайды және тиісті органдарға белгіленген мерзімде ұсынады. Басқарма аппараты бойынша қаржыландыруға бюджеттік өтінімдерді жасайды және облыстық ведомстволармен келіседі. Басқарма аппараты бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспарлар жасайды, оларды сөзсіз орындау бойынша шаралар қабылдайды. Бюджеттік қаражатты аударуды жүзеге асырады. Бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен баланстарды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады. Қаржы басқармасымен, қазынашылық департаменттерімен, статистикамен, салық комитетімен есеп беруді есепке алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін жүргізеді, Мемлекеттік сатып алуды ресімдейді. Депозиттік шот бойынша есеп жүргізеді: ақша қаражатының қозғалысын көрсету (мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін кепілдік жарналар).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.11.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122 каб.
-
8(7152)46-50-79