Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

150778 - 203162

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

          Ішкі саясат, білім беру, мәдениет, жастар, спорт, денсаулық сақтау мәселелері бойынша облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету.   Ауданның мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік тілді енгізуге жауапты болып табылады. Жетекшілік ететін аумақ бойынша құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу.

         Әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт, халықаралық ынтымақтастықты дамыту салаларын реформалау, жоспарлау, басқарудың және әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеуді ұйымдастырады.  

Әлеуметтік саланы, білім, халықты жұмыспен қамтуды, дене тәрбиесі және спорт, ғылым, денсаулық сақтау,  мәдениет, тілдер, ұлтаралық қатынастар, көші-қон және демография, жастар саясаты, дін, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлықпен күрес мәселелері бойынша аудандық атқарушы органдардың қызметін үйлестіру.

 Бұқаралық ақпарат құралдары, діни конфессиялар мәселелерін үйлестіреді. Ардагерлер, жастар және әйелдер ұйымдарымен, партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.

Жетекшілік ететін бөлімдерде мемлекеттік қызметтерді электронды нысанаға ауыстыру және  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша шаралар қабылдайды. Жетекшілік ететін бөлімдерде  көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына  жауап береді және бақылау жүргізеді.      

          Жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудандық бөлімдердің қызметін үйлестіреді. Жетекшілік ететін мәселелер бойыша азаматтарды қабылдауды іске асыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2020 – 12.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.10.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58

Анықтама алу үшін байланыс

87152465079