Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметке өту секторының бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
116623 - 157326
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Функционалды міндеттер
Аппарат басшылығы үшін анықтамалық-талдау материалдарын, кадрлар мониторингі және мемқызметшілердің әдеп кодексін сақтаулары туралы, кадрларды жылжыту, бойынша ұйымдық-өкімдік құжаттарды, жеке құрам және іссапарлар бойынша, лауазымдарға тағайындау кезіндегі конкурстық рәсімдер жөніндегі есептер дайындау.
Облыс әкімі аппаратындағы және облыстық атқарушы органдар кадрларын мониторингтеу, кадрлық іс жүргізуді, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорды (Е-Қызмет ақпараттық жүйесі) жүргізу.
Әкімшілік мемқызметшілердің уақытылы ант қабылдауларын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Міндетті арнайы тексеріс үшін құжаттар ресімдеу.
Мемқызметшілердің жеке істерін қалыптастыру. Еңбек кітапшаларын жүргізу. Облыстық басқармалардың мемқызметшілерінің лауазымдық біліктілік талаптарын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.09.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58
-
81752465079