Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты индустриялық-инновациялық даму бөлімнің жетекші маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
98926 - 140514
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары, орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Өнеркәсіп кәсіпорындарына инвестициялық және инновациялық жобаларын әзірлеу және жылжытуға жәрдемдесу, олардың іске асырылу барысының мониторингін жүзеге асыру. Инвесторларды іздеу мақсатында инвестициялық және инновациялық жобалар дерекқорын құру. Кәсіпорындарға инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыруға жәрдемдесу. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат жинау, әзірлеу және талдау, есептер, аналитикалық жазбахаттар жасау. Экономикалық қызметтің басқарма жетекшілік ететін салаларының дамуын талдауды жүзеге асыру.
Салалық бөлімдермен бірлесе басқарма жетекшілік ететін мәселелер бойынша Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу, оның іске асырылу барысын бақылау және талдауды жүзеге асыру. Салалық бөлімдермен бірлесе басқарма жетекшілік ететін мемлекеттік, салалық, аумақтық және стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Салалық бөлімдермен бірлесе бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын талдауды жүзеге асыру.Сауда-экономикалық миссия, көрме, жәрмеңке, форум, конкурстар ұйымдастыруды жүзеге асыруға қатысу және оларға облыстың шаруашылық етуші субъектілерін қатысуға тарту. Басқарма интернет-ресурстарының қызметін қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың арызы, өтініші, шағымдарымен жұмыс істеу, оларға жазбаша жауап дайындау. Өнеркәсіп кәсіпорындары жұмысына мониторинг, олардың қызметінің тиімділігін талдау және өндіріс өсімінің бар резервін және өңірдің экспорттық әлеуетін анықтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 05.10.2020
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58
-
87152465079