Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бюджетті орындау және қаржылық есеп беру қызметінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

116623 - 157326

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қаржы басқармасы мен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына төлемдер және міндеттемелер бойынша, кредиторлық және дебиторлық берешектер бойынша, жылдық және тоқсандық есептілік, штаттар және контингенттер туралы жылдық деректер бойынша қаржылық жоспардың орындалуы туралы бухгалтерлік есепті (айлық, тоқсандық, жылдық) сапалы және уақытылы ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Бағдарламалар бойынша жинақтауды жүзеге асырады;  бағдарламалар бойынша жиынтық бухгалтерлік есеп жасайды және облыстық қаржы басқармасына есеп береді (тоқсандық және жылдық); банктік операциялар жүргізеді, төлем тапсырыстарын ресімдейді; ведомстволық бағынышты бюджеттік ұйымдарды қаржыландырады; сайлау науқандары кезеңінде қазынашылықпен шарттар жасайды және ресімдейді; сайлаулар науқаны кезеңінде  республикалық бюджеттен төлемдік тапсырыстар ресімдейді, банктік операциялар жүргізеді,; Ф. № 294 кітабына кредиттердің (ассигнованиялардың) және іс жүзіндегі шығыстар бойынша талдау есебін, сондай-ақ  суб шоттар бойынша тарату жүргізеді;  № 308 нысаны бойынша «Бас журнал» кітабын жүргізеді, активтерді есепке алудың Ф.Ф.№ОС-6, ОС-8, НОС-6, ОС-10 кәртішкелерін жүргізеді, активтердің тозуын есептейді; аппарат бойынша тоқсандық және жылдық статистикалық есептер жасайды;  суб–шоттар бойынша есеп жүргізеді; активтердің, материалдық қорлардың, есеп айырысулардың жоспарлы түгендеуін жүргізеді; жетекшілік ететін мәселелер бойынша бөлімге түскен ақпаратты талдайды және өңдейді; тауарлар, жұмыс және қызметтер төлеміне қазынашылықпен шарт жасайды және ресімдейді; Тиісті құжаттарды ресімдейді; аппаратты ұстау жөнінде бухгалтерлік операциялар есебін және компьютерде есептілік жасауды жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2020 – 24.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

28.09.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58

Анықтама алу үшін байланыс

7152465079