Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (2022 жылғы 30 маусымға дейін негізгі қызметшінің еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

141576 - 191482

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Облыс әкімінің және оның аппаратының жұмысын ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бөлім қызметіне жалпы басшылықты, жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және аппарат басшысының, облыс әкімі аппарат басшысы орынбасарларының тапсырмаларын орындау барысын бақылау жөнінде бөлім жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді, облыс әкімі аппаратының  жұмысын жоспарлауды, әкімдіктің қабылданып жатқан қаулыларының, облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етуде облыс әкімі аппараты құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді, бөлімнің аудан әкімдерімен, облыстық мәслихатпен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және бөлімдермен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; басқа бөлімдер басшыларымен келісіп немесе аппарат басшысының тапсырмасы  бойынша бөлім құзыретіне кіретін мәселелер,  материалдар мен құжаттар дайындау үшін жұмысқа облыс әкімі аппаратының, департаменттер, басқармалар қызметкерлерін тартады; бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі; атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; аппарат қызметкерлерін, облыстың атқарушы органдарының мемқызметшілерін оқытуды қамтамасыз етеді; аппарат басшысына атқарушы органдардың, биліктің және мемлекеттік басқарудың облыс әкімінің номенклатурасына енетін, басшылық кадрларын таңдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;  облыстың мемлекеттік қызмет кадрларына мониторинг және кадрлар таңдауды жүргізеді, оларға аттестаттау жүргізеді; қызметкерлердің демалыс және іссапаралар кестелерінің жасалуына бақылауды жүзеге  асырады; барлық деңгейдегі әкім аппараттарының, облыстық атқарушы органдардың құрылымдары және штаттары жөнінде ұсыныстар дайындауды жүргізеді; аппарат басшысын облыстағы жағдай туралы хабардар етеді; ҚР Президентін, ҚР Парламентіне, жергілікті өкілетті органдарға ж.б. сайлауларды ұйымдастыра қамтамасыз етуді жүзеге асырады; аппаратта қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен және нұсқаулықтармен бөлімге жүктелген қызметтік міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.09.2020 – 09.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.09.2020

Сұхбаттасу орны

СҚО Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, 122 каб

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)465079