Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы (2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс

Функционалды міндеттер

Меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда еңбек, халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады; бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді және олардың уақытылы жойылуын бақылайды; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, оларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар дайындайды; еңбек заңнамасы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды және оларға кеңес беруді жүзеге асырады; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың ұсыныстарын, арыздарын, хаттарын, шағымдарын және басқа да өтініштерді  белгіленген мерзімде қарайды, олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды; ұжымдық шарттардың мониторингін; аудандар мен Петропавл қаласы бойынша жазатайым оқиғаларды тексереді, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады; Басқарма басшылығының өкіміне сәйкес қызметтік іссапарларға шығады; еңбек заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар мен заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл салады. «Еңбекті қорғау» ААЖ базасын өзектілендіру, БЖТ базасы арқылы тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз орындалуына дербес жауапты болады.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2020 – 11.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)503227; 87013949697