«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімінің аппараты» КММ аудан әкімінің экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
593924
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Статистика
- Экология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Ветеринарлық медицина
- Ветеринарлық санитария
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Функционалды міндеттер
Экономикалық жоспарлау және даму, бюджет және бюджетаралық қатынастар, қаржы, салық саясаты, кәсіпкерлікті дамыту, жаңа технологиялар, сауда, сыртқы экономикалық байланыстар мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Индустриялық-инновациялық даму және инвестициялық саясат бағдарламаларын іске асыру, мемлекеттік сатып алуды, салық және қаржы-кредит тәртібін ұйымдастыру, аудан халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, азық-түлік нарығының бағасын бақылау. Бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жөніндегі жұмыс тобына, жалақыны арттыру және уақтылы төлеу жөніндегі жұмыс тобына басшылық етеді. Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы органдары мен аумақтық бөлімшелерінің, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және жер қатынастары, мал шаруашылығын дамыту, аудан халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Экономика және қаржы бөлімінің, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің, жер қатынастары бөлімінің қызметін жалпы бақылау жүргізу. Жер учаскелерін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту бойынша, құс, шошқа тұмауының таралуы мен пайда болуының алдын алу бойынша, қолайсыз табиғи құбылыстың әсеріне ұшыраған егіс алқаптарының мөлшерін айқындау мәселесі бойынша комиссияларына басшылық ету.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
bakhtybaeva@sqo.gov.kz
- 20.02.2026
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8-715-2-50-21-89