Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы

Мемлекеттік орган

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Өз жұмысын апта сайын жоспарлайды және оның орындалуына қол жеткізеді; аудандар мен Петропавл қаласы бойынша басқарма басшысының бұйрығына сәйкес өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларға арнайы тексеру жүргізеді; азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, сондай-ақ жұмыс берушілердің еңбекті қорғау мәселелері бойынша өтініштерін қарайды; ұжымдық шарттардың мониторингін жүргізеді; кәсіби білімі мен дағдыларын үнемі арттырып отырады; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, халықты жұмыспен қамту, облыс ұйымдарында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізеді, орындалуы міндетті нұсқамалар береді және әкімшілік істерді қарайды. Ұжымдық шарттарға мониторинг жүргізеді. БЖТ базасын жүргізеді, «Еңбекті қорғау» ААЖ базасын өзектендіреді.  Басқарма басшылығының өкіміне сәйкес қызметтік іссапарларға шығады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының мүлтіксіз орындалуына дербес жауапты болады.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.09.2020 – 11.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2020

Сұхбаттасу орны

Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)503227, 87013949697