Қызылжар ауданы әкімінің шұғыл мәселелері жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
512003
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Құқықтану
- Сәулет
- Автоматтандыру және басқару
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Функционалды міндеттер
Құрылыс, сәулет, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жұмылдыру дайындығы бойынша, азаматтық қорғаныс және аумақтық қорғаныс, апат және стихиялы апаттарды ескерту және жою, табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, отын-энергетикалық кешен, энергетика, құрылыс, көліктің барлық түрлері, жол, телекоммуникация мәселелері, төтенше жағдайларды ескерту және жою мәселелері, инженерлік коммуникация мәселелері, тұрғын үй - коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылық іс-шараларды іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік - өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылыту маусымына дайындау, елді мекендерді абаттандыру мәселелері бойынша аудандық және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Аудан аумағында орналасқан шекара бақылау отрядымен, экология департаментімен; табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен; ауданның электр желісімен; аудандық өртке қарсы қызмет және ТЖ бөлімімен; «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалымен; «Есіл су» РМК аумақтық бөлімшелерімен; «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейіндік инспекциясы» МММ байланыс жасайды. Сәулет, құрылыс, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне жалпы бақылау жасайды және құқықтық көмек көрсетеді.Жұмылдыру ресурстарын қабылдау пункттерін өрістетуді ұйымдастырады, әкімнің жұмылдыру даярлығына, аумақтық қорғанысқа және азаматтық қорғауға жетекшілік ететін орынбасары ретінде жеке құрамды қабылдау пунктінің бастығы болып табылады. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, қызметтік құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Құпиялылық режимінің талаптарын сақтау. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссия төрағасы болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңына сәйкес ҚР азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды беру мәселелеріне жетекшілік етеді. Мемлекеттік тұрғын үй қорына тұрғын жайларды жекешелендіруді жүзеге асырады. Тұрғын үй және әлеуметтік мәдени тұрмыстық объектілерді жөндеу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады, тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.Жетекшілік ететін бағыттарға қатысты мәселелер бойынша барлық сот органдарының сот отырыстарына қатысады.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
t.lastovets@sko.gov.kz
- 24.12.2025
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8-7152-34-02-16