«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады:
-Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бойынша облыс әкімінің бақыланатын тапсырмаларын қажетті мерзімде сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастырғаны үшін;
МЖӘ шеңберінде жобаларды іске асырғаны үшін. Қаржылық есептілік және тарифтік саясат, жиынтық-талдамалық жұмыс бөліміне, сумен жабдықтау және су бұру саласын Стратегиялық жоспарлау бөліміне жетекшілік етеді; Басқарма сайтын жүргізгені үшін; республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басым Бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізу үшін жобалар тізбесін қалыптастыру, инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу бойынша; Қазақстан Республикасының, облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына, сумен жабдықтау және су бұру, құрылыс салалары бойынша нормативтік-техникалық құжаттарға ұсыныстар, ескертулер енгізу бойынша; аудандар мен Петропавл қаласы әкімдіктерінің бөлімдерімен жұмыста, Басқарма қызметінің бағыттары бойынша басқа да атқарушы органдармен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау бойынша. Елді мекендерді сумен жабдықтауды жақсарту үшін іс-шаралар бойынша ұсыныстар әзірлейді және осы іс-шараларды бюджеттік және өзге де қаржыландыруға ұсыныстар енгізеді, облыстың су шаруашылығы іс-шаралары жоспарларының орындалуын ұйымдастырады. Қала және аудандар әкімінің тиісті қызметтерімен жұмыста өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарларын қалыптастыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурстар және электрондық мемлекеттік сатып алу туралы хабарландырулардың жариялануын қамтамасыз ету. "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң шеңберінде жасалатын шарттарды ресімдейді; жауапты тұлға қабылдағаннан кейін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қабылдау-беру актілерін ресімдейді. Әлеуетті өнім берушілерді өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберу жөніндегі конкурстық отырыстарға қатысу, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша хаттамаларды ресімдеу. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу, олардың қорытындылары бойынша шарттар жасасу. Шарттарды және олар бойынша төлем сомаларын Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында қазақстандық қамту көлемі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алу және басқарманың нақты өткізілген Мемлекеттік сатып алулары бойынша есептерді қалыптастыру. Басқарма іске асыратын салалық бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруға жәрдемдесу, басқарманың шығыстары бойынша бюджеттік өтінімдерге есептерді дайындау.
Басқарма Тапсырыс беруші болып табылатын су шаруашылығы мақсатындағы объектілерді салу бойынша жұмыстардың барысы мен ұйымдастырылуына бақылау және мониторинг жүргізу. Жылдық және перспективалық жоспарларды әзірлеу кезінде халықты ауыз сумен жабдықтауды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындау. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік мекемелерде басқарманың мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну.
Басқарманың заң жұмысын жүргізу, сондай-ақ сот және өзге де мемлекеттік органдарда басқарманың мүдделерін ұсыну. Салалық бөлімдер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қою.
№4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл"үлгілік базалық бағытын іске асыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының сақталуын мониторингтеу.
Ішкі шаруашылық мәселелері. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтарын қабылдау. ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.sharipova@sko.gov.kz
- 28.10.2025
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8-7152-34-02-16