"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" КММ экономикалық мәселелер жөніндегі басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету.
-Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастыру, орындау және мониторинг жүргізу.
- Өз өкілеттігі шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Облыстың денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру.
- Бөлім қызметкерлерінің бақылау құжаттарын орындау мерзімін өткізіп алу фактілерін болдырмай, орындауды бақылау.
- Азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
- Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардан медициналық жабдықтар мен дәрілік заттарға өтінімдерді заңнама аясында үйлестіру;
- Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды үйлестіру.
- Өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын ұйымдастыру және іске асыру рәсімін жүзеге асыру.
- Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз ету.
- Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік перспективалық жоспарын әзірлеу және өзектендіру.
- Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары бойынша шығыстардың жиынтық сметасын жасау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, ақылы медициналық қызметтер бағаларының прейскурантын әзірлеу кезінде ұйымдастыру, басшылық ету және бақылау.
- Жылыту маусымына дайындалу іс-шараларын жүргізу бойынша қаражаттың нысаналы және тиімді қолданылуына мониторинг жүргізу.
- Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары бойынша шығыстардың жиынтық сметасын жасау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, ақылы медициналық қызметтер бағасының прейскурантын әзірлеу кезінде ұйымдастыру, басшылық ету және бақылау.
- Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының шаруашылық-экономикалық және қаржылық қызметін талдау және бақылау.
- Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау, бюджет жобасын әзірлеу бойынша жұмысқа басшылық жасау.
- Ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау.
- Денсаулық сақтау басқармасы алқаларының, конференциялар мен селекторлық мәжілістердің жоспарларын әзірлеу.
- Басқарма қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша бұйрықтардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға тікелей қатысу.
- Басқарманың және ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың бюджет қаражатын игеруін бақылау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласындағы шараларды сақтау.
Статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық бақылауларды жүзеге асыру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tlastovets@sqo.gov.kz
- 24.09.2025
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8-7152-34-02-16