"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" КММ-сі азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғау мәселесі жөніндегі бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
- Құқықтану
- Құқық қорғау қызметі
- Автоматтандыру және басқару
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Аспап жасау
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Көлік құрылысы
- Өрт қауіпсіздігі
- Инженерлік жүйелер және желілер
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне басшылықты, ұйымдастыруды, жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
Бөлімге жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауапты болады;
Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге бағытталған шараларды қабылдайды. Белгіленген іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Үкіметтің, орталық атқарушы органдардың қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдері негізге ала отырып қойылған міндеттерді шешуді жүзеге асырады;
Азаматтық қорғауды дамытуға бағытталған жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің Жарлықтарының, қаулылары мен басқа да актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруді жүзеге асырады;
Азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы халықты және ұйымдарды ақпараттандыруға қатысады;
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін ұйымдастыру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру бөлігінде ұсыныстар енгізеді;
Азаматтық қорғау басқармасының аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте құруға және қолдауға қатысады;
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңестер өткізу үшін материалдар дайындайды;
Аварияларды, төтенше жағдайларды тергеуге қатысады;
Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Бөлімнің құзыреті шегінде облыстың, аумақтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың атқарушы билігінің барлық деңгейлерінің іс-әрекеттерін қамтитын азаматтық қорғау іс-шаралары, жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимыл жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысады;
Жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларының ықтимал техногендік төтенше жағдайлардың сценарийлерін болжау жөніндегі іс-шараларын үйлестіреді;
Хаттар мен сұрауларға жауаптар дайындау;
Облыстың мемлекеттік орман қорының өртке қарсы жағдайын жақсарту мақсатында аумақтық уәкілетті органдардың қызметін, профилактикалық іс-шаралардың барлық қажетті кешенінің орындалуын бақылайды;
Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеруді жүргізу жөніндегі комиссияларға қатысуын ұйымдастырады.
Қарулы Күштерге жеткізуге жұмылдыруды жариялау кезіне арналған, сондай-ақ облыс экономикасы мүддесінде пайдаланылатын арнайы құралымдар мен техниканы дайындауды ұйымдастыру бойынша бақылауды ұйымдастырады. Аумақтық қорғаныс құралымдарын жасақтауға тіркелген шаруашылық етуші субъектілердің автомобиль және арнайы техникасының есебін ұйымдастырады және жай-күйін нақтылайды. Зауыттардың соғыс уақытына шығаратын өніміне талдау жасайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
tlastovets@sqo.gov.kz
- 16.09.2025
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58
-
8(7152)34-02-16