Қызылжар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Философия
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Дінтану
  • Аударма ісі
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Жалпы медицина
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Спорт менеджменті
  • Тарих-Дінтану

Функционалды міндеттер

Әлеуметтік сала: ішкі саясат, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты мәселесі бойынша, демография, халықты жұмыспен қамту, тұрғындарды әлеуметтік қорғауды дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік орган аумақтық құрылымдарының қызметін үйлестіру. Қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара қарым-қатынас жасау. Нашақорлықтың алдын алу және күрес, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, гендерлік саясат мәселелері. Ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жастар саясаты сұрақтары, демография, жастар және балалар бастамашылық орталығының, жұмыспен қамту орталығы, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, аудандық мұрағат қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салалар бойынша Мемлекет Басшысы, Президент Әкімшілігі, Үкімет, облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларының орындалуына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, аудан аумағын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, аудан рейтингі мен ауылдық округ рейтинг көрсеткіштеріне, облыстық сияқты аудандық деңгейде де өткізілетін мемлекеттік ұйымдар қызметінің нәтижелілігін бағалау көрсеткіштеріне, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына бақылау жүргізу. Әлеуметтік мәселелер жөнінде құқық көмек көрсету және ардагерлер, жастар және әйелдер ұйымының, партиялар мен қоғамдастық  қозғалыс, үкіметтік емес және кәсіби одақ ұйымдарының өзара әрекеттестігін жүзеге асыру. Қорғаныс бөлімімен, аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасымен, әділет басқармасымен, ауданның қылмыстық – атқару инспекциясымен өзара әрекеттеседі. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелері. Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге бақылауды жүзеге асырады.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.09.2025 – 04.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

08.09.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16