"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маман-заңгері

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Заңнама нормаларын түсіндіреді, әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді, басқармадағы істердің дұрыс жүргізілуін және сақталуын бақылайды. Шарттарды әзірлейді және қарайды. Басқарманың құзыретіне кіретін құжаттардың дұрыс рәсімделуіне жауап береді. Ұйымдастыру-құқықтық және басқа да заңгерлік мәселелер бойынша кеңес береді.  Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және басқа да мемлекеттік инстанцияларда белгіленген тәртіппен басқарманың мүддесін білдіреді. Облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешім жобасын әзірлеу. Осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешім жобасын әзірлеу. Облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім жобасын әзірлеу. Басқарманың басқа бөлімшелерімен бірлесіп, басқармада шығарылған қолданыстағы бұйрықтар мен басқа да актілерді өзгерту немесе күші жойылғандарды жою туралы ұсыныстар дайындайды.

В блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2025 – 20.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

22.08.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58

Анықтама алу үшін байланыс

8-7152-34-02-16