«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшының орынбасары - СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тарих
  • Философия
  • Құқықтану
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандар мен Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімдерінің қызметін үйлестіру.Облыс әкімінің қоғамдық даму мәселелері бойынша қызметін ақпараттық және талдамалық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру.Гендерлік және отбасылық - демографиялық салалардағы ақпараттық - идеологиялық сүйемелдеу.ҮЕҰ қызметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыру мәселелерін шешу.Өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың азаматтық қоғаммен байланысты даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерттеу, қорыту және талдау.ҮЕҰ қызметіне, жастар мәслихатының сайлау алдындағы науқанға және жастардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуына мониторинг, талдау және болжау ұйымдастыру.Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің және облыс әкімдігі жанындағы жастар Совета жөніндегі кеңестің, Қоғамдық кеңестің, басқа да жұмыс және жедел топтардың жұмысын үйлестіру.Өңірдегі азаматтық қоғамға талдау және мониторинг жүргізу саласындағы басқарманың жұмысы бойынша талдамалық есептердің сапасын бақылау.Өңірлік ҮЕҰ қызметін үйлестіруМемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша."Рухани жаңғыру" жалпыұлттық бағдарламасын, "Ұлттық рухани жаңғыру"ұлттық жобасын ілгерілету барысына Мониторинг және талдау.Жұмыстарды жүргізу кестелеріне және шарттардың талаптарына сәйкес іс-шаралардың сапалы және уақтылы жүргізілуін бақылау және мониторингтеу.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген қызметтер актілерін бекіту.Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша жасалатын шарттарды келісу.Басқарма басшысына жетекшілік ететін бөлімдегі қызметкерлерді көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу.Басқармадан шығатын жетекшілік ететін бөлімдерде істер номенклатурасының сақталуын, ресми құжаттардың, есептердің, бақылау ақпараттарының уақтылы ресімделуін бақылау.Қоғамдық даму бөлімінің жұмысына жетекшілік ету.Азаматтық бірегейлікті, Қазақстан Республикасын дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды шоғырландыру жөніндегі тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдарды әзірлеу.Облыстан сайланған мәслихаттармен, ел Парламентінің депутаттарымен өзара іс-қимыл ұйымына басшылық жасау.Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын ұйымдастыру.Жетекшілік ететін бөлімдер бойынша СҚО аумағын дамыту бағдарламасының орындалуын бақылау.Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.Этномәдени бірлестіктердің қызметін мониторингілеу және талдау, ақпарат, ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау.Облыстағы этносаралық қатынастардың мониторингі.Облыс мекемелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру.СҚО ҚХА хатшылығы, Қоғамдық даму бөлімі – Этносаралық қатынастарды талдау бөлімінің жұмысына жетекшілік ету.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.07.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.07.2025 – 18.07.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

22.07.2025

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституция к-сі,58 122 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)50-44-97