Солтүстік Қазақстан облыс әкімі аппараты Бірыңғай персоналды басқару қызметі мемлекеттік қызметті іріктеу секторының бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
116623 - 157326
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Аппарат басшылығы үшін анықтамалық-талдау материалдарын, кадрлар мониторингі және мемқызметшілердің әдеп кодексін сақтаулары туралы, кадрларды жылжыту, бойынша ұйымдық-өкімдік құжаттарды, жеке құрам және іссапарлар бойынша, лауазымдарға тағайындау кезіндегі конкурстық рәсімдер жөніндегі есептер дайындау.
Облыс әкімі аппаратындағы және облыстық атқарушы органдар басшыларының және құрылтайшысы облыс әкімдігі болып табылатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың басшыларының бос лауазымдарына конкурстар дайындау және өткізу. Кадрларды аттестаттау. Әкімшілік мемқызметшілердің уақытылы ант қабылдауларын ұйымдастыруды және өткізуді және конкурстық және аттестаттау комиссияларының жұмыстарын қамтамасыз ету. Міндетті арнайы тексеріс үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің СҚО бойынша басқармасына құжаттар ресімдеу. Әкіммен тағайындалатын және тағайындау үшін әкіммен келісілетін, саяси және әкімшілік мемқызметшілер тізбесіне енетін тұлғалардың, мемқызметшілердің жеке істерін қалыптастыру. Кадрлық іс қағаздарын, мемқызметшілердің және аппараттың техникалық жұмыскерлерінің жеке құрамы және олардың еңбек кітапшалары бойынша мұрағат жүргізу. Облыс әкімі аппаратының мемқызметшілерінің лауазымдық біліктілік талаптарын жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.08.2020
- СҚО Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, 122 каб
-
465079