Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмі аппараты бюджетті орындау және қаржылық есеп беру қызметінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
116623 - 157326
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі аппаратының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу; аппарат қызметкерлеріне жалақы төлемін есептеу; кіріс салығын және әлеуметтік салық ұстау жөніндегі, жинақтау зейнетақы қорларына жарналарды есептеу жөніндегі есеп-шоттарды, карточкаларын, айналым-сальдолық ведомості (пластикалық карточкаға аудару), кассалық кітап жүргізу; ҚҰБ корпоративтік карточкасы арқылы ақшалай қолма-қол ақшаны алуды және беруді жүзеге асырады; кассалық операциялар есебін жүргізеді, шығыс және кіріс кассалық ордерлерді, журнал-ордерді тіркеуді жүргізеді; салық декларацияларын жасайды және салық инспекциясына әлеуметтік салық бойынша, зейнетақылық жинақтар, кіріс салығы бойынша есептер береді; сенімхаттар береді; «1-S Бухгалтерия» бағдарламасы бойынша компьютердегі бухгалтерлік операциялар есебін жүргізеді; мемлекеттік статистика органдарына ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептер ұсынады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 26.08.2020
- СҚО Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көшесi, 58 үй, 122 каб
-
8(7152)465079