Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жедел мәселелері жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 (қолданыстағы) аудандық маңызы бар қалалар әкімдері

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-R-1 санатының аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-3, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда;

   4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе:

   * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

   ** – конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған жалпы конкурс қатысушылары жоқ болған жағдайда бұл талап қойылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

высшее или послевузовское образование либо  послесреднее  или техническое и профессиональное образование;

Мамандығы

  • Құқық
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, коммуналдық меншік және жекешелендіру мәселелері бойынша, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру, отын-энергетика кешені, энергетика бойынша жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру. Құрылыстың барлық түрлері, Геология және жер қойнауын пайдалану, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, инженерлік коммуникациялар, тұрғын үй-коммуналдық сала, коммуналдық салада тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау және су шаруашылығы іс-шараларын іске асыру, тұрғын үй объектілерін және әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындау, елді мекендерді абаттандыру мәселелері. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын және инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері. ТЖ, жұмылдыру жұмысы, азаматтық және аумақтық қорғаныс бойынша іс-шараларды орындау мәселелері. Коммуналдық салада, сумен жабдықтау және энергиямен жабдықтауда, су шаруашылығы іс-шараларын іске асыруда, телекоммуникацияда тарифтік саясатты қалыптастыру. Қадағаланатын сала бойынша аумақты дамыту бағдарламасын орындау. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асыру және Инвестициялық саясат мәселелері. Жетекшілік ететін салалар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жауапты. Жетекшілік ететін салалары бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, облыстық басқармаларымен ауданның аумақтық органдарымен жалпы бақылауды және өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салалар бойынша ауданның кәсіпорындарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салаларды реттейтін шарттар мен нормативтік актілерді әзірлеуге және нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын бақылауға қатысады. Тұрғын үй комиссиясына, объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссияға, шекара маңы мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесіне, мемлекеттік қабылдау комиссиясына, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияларға, жетекшілік ететін сала бойынша өзге де консультативтік-кеңесші органдарға басшылық ету.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.05.2025 – 13.05.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

15.05.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы, 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8-715-2-360216