"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі экономика басқармасы" КММ қызметін қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Үміткерлердің тиісті санаттағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына басшылық жасау, бөлім қызметкерлері арасында лауазымдық міндеттерді бөлу;
бөлімнің жұмысын үйлестіру, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және белгіленген іс-шараларды орындауын бақылауды жүзеге асыру;
басқарманың штаттық кестесін жасау, бюджетті бекітуге және нақтылауға басқару бойынша қажетті шығыстардың есебімен бюджеттік өтінім жасау;
төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау және оларға өзгерістер енгізу;
қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарын орындау (игеру) туралы жылдық, тоқсандық және айлық есептілікті жасау;
Басты кітап-журналын жүргізу (№308 нысан);
басқарма басшысымен бірлесіп, тауар материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражаттарды қабылдау және беру үшін негіз болатын банктік құжаттар мен құжаттарға қол қою;
бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген қағидалары негізінде ұйымдастыруды жүзеге асыру;
есепке алу-есептеу жұмыстарын автоматтандырудың заманауи құралдарын, бухгалтерлік есептің прогрессивті нысандары мен әдістерін кеңінен қолдануды қамтамасыз ету;
мыналарға жеке бақылауды белгілеу, сондай-ақ бөлім қызметкерлері арқылы:
- түсетін ақшалай қаражаттарды, тауар материалдық құндылықтар мен активтерді есепке алу, сондай-ақ олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсету, сондай-ақ оларды босату және есептен шығару қағидаларын сақтау;
- жедел ақпаратты уақтылы ұсыну, бухгалтерлік есептілікті жасау және белгіленген мерзімде ұсыну;
- бухгалтерлік құжаттарды сақтау, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеу және архивке беру;
- қызметтік емес сипаттағы қалааралық сөйлесулерге жол бермеу;
- есепті кезеңде дебиторлық және кредиторлық берешекке жол бермеу бойынша барлық толық шараларды қабылдау;
- еңбекақы төлеу қорын дұрыс жұмсау, лауазымдық айлықақыларды белгілеу, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтау;
- статистикалық және бухгалтерлік есепті дұрыс құрастыру;
- ақшалай қаражатқа, тауарлық-материалдық құндылықтарға, есеп айырысулардағы қаражаттарға және төлем міндеттемелеріне түгендеу жүргізудің белгіленген ережелерін сақтау;
- белгіленген мерзімде дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу, төлем тәртібін сақтау арқылы өндіріп алу;
- басқармамен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша рәсімдерді жүргізу;
- Мемлекеттік сатып алу жоспарларын жасау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Басқармада іс жүргізу;
- ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, қажет болған жағдайда заңгермен бірлесіп, Мемлекеттік сатып алу рәсімінде жасалған құжаттардан туындайтын даулар жөніндегі басқарманың өкілі ретінде сот процестеріне қатысу;
бензин шығысы бойынша құжаттардың дұрыс ресімделуін, бастапқы құжаттардың қалыптастырылуын бақылау (жүргізушілерге бензин беруге арналған ведомостар, жол парақтары бойынша бензинді есептен шығарудың белгіленген нормативтерге сәйкестігін бақылау, жол парақтарын өңдеу, бір айдағы бензин шығысы бойынша жинақтау ведомосін жасау);
бас маманмен бірлесіп, құжаттарды дайындау және активтерді, құндылығы төмен және тез тозатын заттар мен өзге де материалдарды есептен шығаруды жүргізу;
басқарманың тауарлық материалдық құндылықтарын түгендеуге қатысу және оның нәтижелерін салыстыру ведомосінде шығару; басқарма қызметкерлерінің компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша шаруашылық жұмысына және жұмысына жалпы басшылық жасау;
әкімшілік бөлім қызметкерлерінің бірінің ол болмаған кезеңдегі міндеттерін орындау (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.).
В блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 29.04.2025
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.
-
8(715-2)50-44-97