"Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты" КММ-сі инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Математика
  • Физика
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілі мен әдебиеті
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Сәулет
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Аграрлық техника және технология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі мен оның аппаратының жұмысын ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты, жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімінің, аппарат басшысының, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарының шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының орындалу барысын бақылау жөніндегі бөлімнің жұмысын жүргізуді қамтамасыз етеді;

Аппарат жұмысын жоспарлауды, әкімдіктің қабылданатын қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауды қамтамасыз етуде облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;

Бөлімнің аудан әкімдерімен, облыстық мәслихатпен, облыстық департаменттермен, құқық қорғау органдарымен ,басқармалармен және бөлімдермен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; басқа бөлімдер басшыларының келісімі бойынша немесе аппарат басшысының тапсырмасы бойынша бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді, материалдар мен құжаттарды дайындау үшін облыс әкімі аппаратының, департаменттердің, басқармалардың қызметкерлерін жұмысқа тартады;

Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі;

Орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;

Тікелей бағыныстағы қызметкерлердің демалыстары мен іссапарларының кестелерін жасауды бақылауды жүзеге асырады;

Облыстағы жағдай туралы аппарат басшысын жедел хабардар етеді;

ҚР Президентін, ҚР Парламентін, жергілікті өкілді органдарды және т. б. сайлауды ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

Облыс әкімінің кестесін қалыптастыруды жүзеге асырады;

Облыс әкімінің және өзге де сатылардың атына жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды (қажет болған жағдайда сол жерге барып), олар бойынша қорытындылар мен жауаптар дайындайды;

Бөлім құзыреті шегінде әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелерін қарайды;

Аппаратта қолданылатын нормативтік құқықтық актілермен және нұсқаулықтармен бөлімге жүктелген басқа да функционалдық міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2025 – 14.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

16.04.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216