Солтүстік Қазақстан облысы әкімі іс басқаруның бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппаратының балансындағы әкімшілік ғимараттардың күтімі мен күтілуіне бақылауды қамтамасыз етеді.

Облыс әкімі аппаратының материалдық-техникалық қызметіне байланысты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша белгіленген мерзімде есептер жасайды.

Мемлекеттік сатып алуға байланысты мәселелер бойынша сотта белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіреді.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындайды және олардың орындалуын бақылайды.

Ресми делегациялардың сапарлары мен қабылдауларын, мерейтойлық іс-шаралар мен әртүрлі деңгейдегі кездесулерді дайындауға қатысады.

Тауарларды, жұмыстарды және мемлекеттік сатып алу жөніндегі қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің және облыс әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етумен байланысты келісімдерді орындаушылардың шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Облыс әкімдігі ғимаратына өткізу режимін, облыс әкімдігі ғимаратындағы мемлекеттік органдарға бекітілген аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға байланысты іс-шараларды бақылауды жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалардың облыс әкімінің атына және өзге де сатыларға келіп түскен жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды (қажеттілігіне қарай жергілікті жерге барып), олар бойынша қорытындылар мен жауаптар дайындайды.

Өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты басшысының жетекшілік ететін мәселелері бойынша орынбасары және бөлім басшысы берген өзге де өкілеттіктерді атқарады.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.04.2025 – 07.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

09.04.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216