Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің экономика, құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орныбасары

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512003

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Көлік қызметтері
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Ауданның экономикалық даму, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық объектілерінің тиісті жұмыс істеуін ұйымдастыру мәселелері бойынша облыс, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдіктің

қаулыларының орындалуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін аумақ

бойынша құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Ауданда қаржылық және антимонополияға қарсы саясатты қалыптастырады, ауданның бюджеттік

қаражаттардың айналымы және шығыстарын бақылауды жүзеге асырады.Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шараушылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары, отын-энергетикалық кешен, энергетика және

коммуналдық шаруашылық бойынша жергілікті атқарушы органдарының

аудандық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру.

Экономика, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобильдік жолдар, су және жылумен қамтамасыз ету

салаларын жедел басқарады, сонымен қатар олардың қызметін бақылауды

іске асырады. Мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттарды

және күтпеген апаттардың алдын алу және жою, құрылыс, барлық түрдегі

көлік, жолдар, инженерлік коммуникациялар,тұрғын үй-коммуналдық сала,

коммуналдық саладағы тарифтік саясатты қалыптастыру, сумен жабдықтау

және су шаруашылығы шараларын іске асыру, тұрғын үй және әлеуметтік-

өндірістік инфрақұрылым объектілерін жылу маусымына дайындау

мәселелерін басқарады.

Коммуналдық меншік объектілерін тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады. Экономика, мемлекеттік сатып алулар, өнеркәсіп, қаржылық

тәртіпті бақылау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың

аудандық және аумақтық бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіреді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыруды, республикалық,

коммуналдық меншік және жекешелендіру, экономика мәселелерін

басқарады. Салықтар бойынша болжамдық көрсеткіштерінің сапалы

орындалуына және түсіміне ұдайы бақылау жүргізеді.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан бөлімдерінің қызметін

үйлестіреді және қызметін бақылауды іске асырады.

Жетекшілік ететін бөлімдерде мемлекеттік қызметтерді электронды

нысанаға ауыстыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын

көтеру бойынша шаралар қабылдайды. Жетекшілік ететін бөлімдерде

көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына жауап береді және бақылау

жүргізеді. Нормативтік құқықтық актілерге бақылауды іске асырады.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды іске асыру.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүктелген

басқа да міндеттерді орындау.

А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.02.2025 – 27.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

03.03.2025

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2)50-44-97