"Солтүстіік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" КММ-нің басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
  • Құқықтану
  • Құқық қорғау қызметі
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Өрт қауіпсіздігі
  • Инженерлік жүйелер және желілер

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік органның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға жауапты;

Басқарудың стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

Басқару құрылымын бекітеді және  бөлім басшылары арасында функционалдық міндеттерді бөледі;

Заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

Заңнамада белгіленген тәртіппен Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен келісім бойынша басқарма қызметкерлерін ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;

Белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қорлардың тиімді және нысаналы орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

Басқарманың құзыретіне кіретін барлық өкімдік, қаржылық және өзге де құжаттарға қол қояды;

 Мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді;

Құпиялық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтайды, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғау жөніндегі жұмысты жүргізеді;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді;

Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын қамтамасыз етеді, дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;

Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларда және жоспарлы құжаттарда көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдайды;

Жаңартылатын энергия көздері саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

Азаматтық қорғаныс және қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша бөлімдердің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

Экономикаға, қаржыға, құқықтық мәселелерге, кадрларға, құпия және құпия емес іс қағаздарын жүргізуге жалпы басшылық жасау; азаматтық қорғаныс және азаматтық қорғау бөлімінің, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің қызметіне;

"Ашық деректер", "Ашық бюджет", "Ашық диалог", "ашық НҚА" критерийлері бойынша қызметтің тиімділігін бағалау шеңберінде өткізілетін іс-шаралардың уақтылығы мен сапасын қамтамасыз етеді (ақпаратты тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 2-күнінен кешіктірмей облыс әкімдігінің "Ашық бюджет" бойынша цифрлық технологиялар басқармасына ұсыну "Ашық бюджет "бойынша облыс әкімдігінің қаржы басқармасы," Ашық диалог "бойынша облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы," Ашық НҚА "бойынша облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі);

Есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына, атқарылған жұмыс туралы есепті тоқсан сайын ұсына отырып, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ашықтық жоспарының орындалуын белгіленген мерзімде уақтылы қамтамасыз етеді.

 Басқарманың ресми интернет-ресурсын толтыруды және қызметтің жетекшілік ететін бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсын толтыруды орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді;

Басқарманың жұмылдыру дайындығының жай-күйіне дербес жауапты болады. Әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысады. Әскери міндеттілерді әскери есепке алу және брондау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;

Бюджеттік өтінімдерді есептеудің дұрыстығы мен негізділігі үшін дербес жауапты болады.

Қарулы Күштерге жеткізуге жұмылдыруды жариялау кезіне арналған, сондай-ақ облыс экономикасы мүддесінде пайдаланылатын арнайы құралымдар мен техниканы дайындауды ұйымдастыру бойынша бақылауды ұйымдастырады. Аумақтық қорғаныс құралымдарын жасақтауға тіркелген шаруашылық етуші субъектілердің автомобиль және арнайы техникасының есебін ұйымдастырады және жай-күйін нақтылайды. Зауыттардың соғыс уақытына шығаратын өніміне талдау жасайды.

А функционалдық блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2025 – 28.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

30.01.2025

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7152)340216