«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аграрлық техника және технология
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Өсімдік шаруашылығы
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасымен қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн; осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», облысты дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарын, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын), Қазақстан Республикасының Жер кодексін.
Функционалды міндеттер
Агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) мемлекеттік қолдауды іске асыру бөлімінің, агроөнеркәсіптік кешеннің (АӨК) мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімінің, әкімшілік-құқық бөлімнің қызметін үйлестіреді. Стратегиялық жоспарлау, экономикалық реформаларды тереңдету және ауыл шаруашылығын қаржылай сауықтыру, ауыл шаруашылығы өндірісін, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын субсидиялау, мемлекеттік ресурстарға мемлекеттік және коммерциялық астық сатып алуды ұйымдастыру арқылы агроқұрылымдарды кредиттеу, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндетті сақтандырылуын, салада кәсіпкерлікті, шаруа және фермер қожалықтарын дамыту бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі – АӨК) дамытуға инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді, ауыл шаруашылығында оның қызмет көрсететін салаларындағы талдау мен болжам жасаудың экономикалық қатынастарын жетілдіру мәселелерін шешеді. Реформалардың барысына мониторинг жасауды, ауылдық кредиттік серіктестіктердің жұмысын қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын қарайды, азаматтарды жеке қабылдайды. БАҚ-пен өзара әрекет жасайды.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 17.12.2024
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.
-
8(715-2)50-44-97