Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсiпкерлiк, ауылшаруашылық және ветеринария мәселелерi жөніндегі орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
593752
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың тестілеу бағдарламасымен көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі; Нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік мекемелер мен қала әкiмi аппараты бөлiмдерiнiң, қала ұйымдарының экономикалық жоспарлау және бюджетті дамыту, қаржы және салық саясаты, кәсіпкерлік пен сауданы, ауыл шаруашылығы мен ветеринарияны дамыту, қала әкімінің коммуналдық меншігін, стандарттау, метрология және сертификаттауды басқару қызметін үйлестіреді. Мемлекеттiк сатып алуды, салықтық және қаржы-кредиттiк тәртiпті, клирингтiк операцияларды ұйымдастыру мәселелерi. Қалалық базарлардың сауда ұйымдары мен қызмет көрсету салаларының қызметі, оларды үйлестіру, коммерциялық және кәсіпкерлік құрылымдардың жұмысын үйлестіру. Ауыл шаруашылық жұмыстары бойынша тендерлер өткiзу, жеке қосалқы шаруашылықтарды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алу және өңдеуді дамыту, ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу мәселелері.
Жылуға, электр энергиясына тарифтік саясатты қалыптастыру мәселелеріне қатысу. Басқаратын салалары бойынша салалық және өңірлік бағдармаларды әзiрлеу, орындау және бақылау. Ішкі экономикалық байланыстар мәселелері бойынша, өнеркәсіп мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру. Тұрғын үйді жекешелендіру мәселелерін үйлестіру. Халықаралық астаналар мен ірі қалалар асамблеясы қызметінің мәселелері (ХҚА). «Петропавл қаласының экономика және қаржы бөлімі» КММ, «Петропавл қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» КММ, «Петропавл қаласы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу бөлімі» КММ қызметін жалпы бақылау. Басқаратын мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың облыстық және аумақтық бөлімшелерімен; Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филалымен және екінші деңгейдегі банктердің филиалдарымен, кредиттік серіктестіктер және басқа да қаржылық ұйымдармен; «Қазпошта» АҚ; сақтандыру компанияларының филиалдарымен, «СолтҚазЭнерго Петропавл» АҚ, «Атамекен Одағы» ЗТБ; сауда-өнеркәсіп палатасымен байланысты жүзеге асырады. Петропавл қаласының базарларына санаттар беру жөніндегі; қала әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі; үш жақты комиссияларды басқарады. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдар мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерде бақылау және жауапкершілік.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.bassygarin@sko.gov.kz
- 29.11.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі 58, 118 каб.
-
8(7152)50-16-79