«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-сі емдік жұмыс, ана мен баланы қорғау жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында сәйкес санаттар үшін берілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі, «Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті өзге де міндетті білім.
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамаларын орындауды қамтамасыз ету. Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг және бақылау ұйымдастыру және жүзеге асыру. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның шешіміне сәйкес медициналық қызметтердің сапасын жақсарту саласындағы заңнаманы қамтамасыз ету. Облыстың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастыру, орындау және мониторинг жүргізу. Жоғары және орта медицина оқу орындары үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық базалар беру. Азаматтар мен оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларда тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Нормативтік және бағдарламалық құжаттарға, Үкімет қаулыларына, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына, облыстық әкімдіктің шешімдеріне сәйкес емдеу-алдын алу мәселелерін дайындайды және үйлестіреді. Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің (ЖТМҚ) өңірлік комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Медициналық жабдықтарға, дәрі-дәрмектерге өтінімдер құру мәселелерін үйлестіреді. Статистикалық әдістемеліктің талаптарын сақтап, сәйкес әкімшілік-аймақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық бақылауды жүзеге асыру. Медициналық көмек көрсету бойынша талдау жүргізуді ұйымдастырады, басшыға оны жақсарту бойынша ұсыныстар ұсынады. Бөлім қызметкерлерінің бақылау құжаттарын орындау мерзімін өткізіп алу фактілерін болдырмай, орындауды бақылау. Халыққа әлеуметтік маңызы елеулі аурулардың және қоршағандарға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді. Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өз өкілеттігі шегінде мемлекеттік саясатты іске асыру. Медициналық көмек көрсету, ана мен баланы қорғау бойынша талдау жүргізуді ұйымдастырады, басшыға оны жақсарту жөнінде ұсыныстар береді; Басқарма қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша бұйрықтардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындауға жалпы басшылық етеді және тікелей қатысуды қамтамасыз етеді. Басшының бөлім басшыларымен және бас мамандармен бірлесе денсаулық сақтау басқармасының алқасының, конференциялар мен селекторлық кеңестердің жоспарларын әзірлеуді және жалпы басшылық етуді ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама саласында шараларды сақтау; Облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарларының, бөлім басшыларының және бас мамандардың қызметін бақылайды және үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқарма басшысының нұсқаулығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
А функционалдық блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
zh.gabbasova@sko.gov.kz
- 28.11.2024
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 116 кабинеті
-
87152340216