«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ-нің жинақтау-талдау жұмысы және сумен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Су шаруашылығы
- Экономика
- Есеп және аудит
- Экология
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қаржы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
Тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білу.
"Қазақстан - 2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Осы лауазымның мамандануы саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері: Қазақстан Республикасының Су кодексі, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау. Бөлімге жалпы басшылық жасау, бөлім қызметкерлерінің орындауындағы құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Облыстың елді мекендерін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру.
Сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша бағдарламалардың (іс-шаралардың) жобаларын әзірлеуге қатысу.
Жетекшілік ететін бағыттар бойынша Басқарманың стратегиялық жоспарын және облыс аумағын дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Су құбырларын салуға бюджеттік өтінімдерді дайындау және оларды орталық мемлекеттік органдарда қорғау, сумен жабдықтау жобалары бойынша салалық қорытындыларды дайындау.
Іс-шараларға қатысу
өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік сатып алулар бойынша
және басқа комиссияларға қатысу.
Басқарманың бөлімдеріне ақпаратты дайындау және жинау бойынша басшылықты жүзеге асырады. Басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау кезінде мерзімдердің сақталуын, азаматтардың өтініштерінің уақтылы және дұрыс қаралуын бақылайды, Басқармадағы іс қағаздарының жүргізілу жағдайын бақылайды.
Тапсырыс беруші басқарма болып табылатын су шаруашылығы объектілерін салу бойынша жұмыстардың барысы мен ұйымдастырылуын бақылау.
Орталық уәкілетті органдарға және облыс әкімдігіне сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша жедел ақпарат дайындау.
Сумен жабдықтау және су бұру объектілерін пайдаланудың техникалық жай-күйінің мониторингі.
ТКШ дамыту бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу жұмыстарына қатысу және олардың орындалуына мониторинг жүргізу.
Облыстық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылған және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның аумақтық органымен және аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімдерімен келісілген су пайдаланушылардың тізбесін тексереді. субсидиялауды ескере отырып, ауыз сумен жабдықтауға келісім-шарттар жасалады, берілетін ауыз судың көлемін, көрсетілетін қызметтер үшін төлемді және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне субсидиялауды ескере отырып, тарифті көрсете отырып, уәкілетті органның басшысына бекітуге беріледі.;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс.
Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.
A блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
d.karimzhan@sko.gov.kz
- 30.10.2024
- СҚО, Петропавловск қаласы, Конституции Казахстана көшесі 58 216 кабинеті
-
8 715 2 50 1679