«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ-нің кәсіпкерлікті дамыту және eлішілік құндылық бөлімінің басшысы (2025 жылғы 09.09. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
  • Туризм
  • Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санаттың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу,

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білу,

Осы санаттың нақты лауазымын мамандандыруға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерін білу: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, Қазақстан Республикасының Əкімшілік рəсімдік-процестік кодексі, «Өнеркәсіптік саясат туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы, ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен өкімдері, өзге де нормативтік-құқықтық актілер, нормалар және қағидалар,

функционалдық міндеттерді орындау үшін қажет басқа да міндетті білімді, сондай-ақ қажет көлемде мемлекеттік тілді білу.

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, қызметтің негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін анықтау.

Өңірде кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруға және дамытуға жәрдемдесу.

Облыста шағын және орта кәсіпкерліктің даму мониторингін жүзеге асыру.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық көмек көрсету.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асыру барысына мониторингті жүзеге асыру.

Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

"Қарапайым заттар экономикасы" жеңілдікпен кредит беру тетігі іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін бөлінетін бюджет қаражаты қозғалысының мониторингі.

Бизнесті қолдау бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асыруды ұйымдастыру.

"Ұлттық Рухани жаңғыру" ұлттық жобасын іске асыруды бақылау.

Мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) енгізу мәселелерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізуі жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың мониторингісі.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

«Жомарт Жүрек» қайырымдылық саласындағы меценаттарға құрмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Гендерлік саясатты іске асыру мәселесі бойынша жұмысты ұйымдастыру.

Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша облыстық комиссиялардың, жұмыс топтарының, сараптамалық кеңестердің және т.б. жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, әкімшілік кедергілерді азайту саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Қазақстан Республикасының, Солтүстік Қазақстан облысының Елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту бағдарламасы іс-шараларының іске асырылуын мониторингілеу.

Бөлім құзыреті шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының Елішілік құндылықты дамыту жөніндегі комиссиясы отырыстарына материалдар дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдермен бірлесіп, республикалық және жергілікті деңгейдегі стратегиялық, бағдарламалық құжаттарды әзірлеу үшін ұсыныстар дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесіп, Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары іс-шараларының, "Amanat" партиясының сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру.

Облыс басшылығының жұмыс сапарлары, есеп беру кездесулері, өңірге ресми сапарлар шеңберінде басқарманың құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, басқарма қызметінің бағыттары бойынша облыстың дамуы туралы материалдар дайындауды ұйымдастыру.

Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын, жинақтау үшін орталық мемлекеттік органдарға жіберілетін және облыс әкімінің бақылауында болатын Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылау.

БАҚ-қа жіберу үшін басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесіп баспасөз релиздерін дайындау.

Басқарманың салалық бөлімдерімен бірлесе басқарма қызметі туралы деректерді өзектендіру мақсатында МО ИРБП-ні (Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы) мониторингілеу.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің облыс кәсіпкерлерімен кездесулерін өткізуді ұйымдастыру.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарында сертификатталмаған материалдарды сатып алуды болдырмау үшін дайындалатын өнімді сертификаттау мәселесі бойынша жергілікті өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау.

Бекітілген іс-шаралар бойынша бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалар үшін деректерді жасау үшін есептерді ұсыну.

Бөлім қызметінің бағыттары бойынша шағым-талап-арыз жұмыстарын жүргізуге қатысу, соның ішінде материалдар дайындау және бас маман-заңгермен бірлесе сотта мүддені ұсыну.

Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің жобаларын дайындауға қатысу.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуына, жауап берілуіне бақылауды жүзеге асыру, соның ішінде есептерді беру.

A блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 MB

Сұхбаттасу күні

14.10.2024

Сұхбаттасу орны

CҚО, Петропавловск қаласы , Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 216 каб

Анықтама алу үшін байланыс

8 7152 501679