«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

688752

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Жерге орналастыру
  • Агроинженерия
  • Ветеринария
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Өсімдік шаруашылығы

Қосымша талаптар

тиісті санатқа арналған мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасатын кандидаттарды тестілеу бағдарламасында қарастырылған Қазақстан Республикасының заңнамасын;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын;

аталған санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес саладағы қатынасты реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;

осы санаттағы лауазымдар бойынша функциялық міндетті орындауға қажетті өзге де міндетті білімді.

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне тікелей басшылықты жүзеге асырады. Бағдарламалар мен әкімшілік шығыстар бойынша бюджеттік қаржыландыру мәселелерін шешеді. Астық нарығы, тұқым шаруашылығы, өсімдіктерді қорғау, агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту, асыл тұқымды мал шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік саясатты, ауыл шаруашылығы саласындағы басым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жұмысты бағыттайды. Тұқым шаруашылығы, мемлекеттік техникалық инспекция саласында, агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты реттейді. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмысты бағыттайды. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын және ұсыныстарын қарайды, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылайды және жауапты болады.

 А блогы

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.10.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

14.10.2024

Сұхбаттасу орны

Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8(715-2) 50-44-97