«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» КММ автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлімінің бас маманы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
Қосымша талаптар
Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Қажетті осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін басқа да міндетті білімдер. Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңын, осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді және техникалық регламенттерді білу.
Функционалды міндеттер
Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды бақылауды және қабылдауды жүзеге асыру; жұмыстарды жүргізу кестелерін әзірлеу; жолдарды және жол құрылыстарын жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған материалдардың, ақшалай қаражат пен техниканың қажеттілігін есептеуді жүргізу. Атқарушы және техникалық құжаттаманың уақтылы және дұрыс жүргізілуін бақылау, қысқы күтіп ұстау, тасқын суларды өткізу бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеу. Қажетті техникалық құжаттаманы жүргізу, дислокациялық кестелердегі өзгерістерді бақылау, оларды ЖПБ-мен келісу және мердігерлік ұйымдарға жеткізу. Жолдарды және т/ж өтпелерін көктемгі-күзгі және айлық тексеруге қатысу, ақаулар ведомосын жасау, бекітілген қызмет мәселелері бойынша есептер, ақпараттар, анықтамалар дайындау. Автомобиль жолдары бойында сервис және жарнама объектілерін орналастыруға инфрақұрылым объектілеріне паспорттарды келісу және ресімдеу. Жұмыстарды жүргізу құқығына ордерлерді ресімдеу және жұмыстарды жүргізу орындарында жол жүрісі қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асыру. Халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша жұмысты жүзеге асыру.
Жоғарғы сотқа талап арыздар, апелляциялық шағымдар және кассациялық өтініштер жасау. Шағым жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тексеру үшін орынға шығу және сапалы дәлелдемелік база жасау. Соттар шеңберінде жүргізілетін сараптамаларға тағайындау және қатысу. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде басқарма мүдделерін білдіру.
А блогы
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.sultangalieva@sko.gov.kz
- 04.10.2024
- Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 116 каб.
-
8(715-2) 50-44-97